Posted by: kz10 on: Қазан 9, 2010
Жұма күні Островский атындағы көздері нашар көретін және зағип балалар мектебіне бардық. Олар бізді тағаттана күтіп отыр екен.Кірген бойда күлімсіреп, жайдары жүзбен қарсы алды. Жайғасып болған соң,шағын ғана география кабинетіндегі 8 оқушы және тәрбиеші апаймен әңгімелесіп кеттік. Ең бірінші танысып алдық, содан соң әр түрлі сұрақтар қойылды. Қандай мамандық таңдағылары келетінін сұрадық, білген кеңесімізді бердік. Әсел мен Ерсұлтан журналист болғысы келеді екен.
Біз барған топ 11-ші сынып оқушылары. Орыс сыныбы. Бірақ, оқушының барлығы дерлік қазақ. Олар бұл мектепке оқуға түсер кезде қазақ сыныбы болмапты.
Олардың араларында 12-ші сынып оқушысы Ержан да болды. Ол өте талантты, талапты жігіт екен. Ән салғанда зор даусына тәнті болып, қуанып қалдық. Ержан қазақша, қырғызша, түрікше және өзге де бірнеше тілде ән сала біледі. Сонымен қоса танымал адамдарға породия салатын өнері де бар екен. Бәрімізді қырғын-топан күлкіге қалдырды. Сондай ашық, ақкөңіл мінезді ол – әнші болуды армандайды.
Көркем қыз Жұлдыздың арманы – актриса болу. Бірақ, қос жанары да көруден қалған соң, бұл арманын шетке ысырып қойған. Өр мінезді өжет қыз ештеңеден тайынбай, ойындағысын айта береді.Әдемі арудың көзі көрсе, мүмкін, шебер актриса болар ма еді?
Антон орыс болғанымен, қазақша жақсы түсінеді.Өзі әзілқой екен. Топтағы балалар ештеңеге қарамастан, әзілдеп, күліп отырады. Бұл біздің көңілімізді көтерді.
Оқушылар мектеп жатақханасында тұрады.Сенбі, жексенбі күндері оқушылар үйлеріне барып, демалып келеді екен.
Біз олармен тез тіл табысып кеттік. Мерекелік шараларға шақыруға уәде еттік. Алла қаласа, тағы да бірнеше мәрте біз де оларға барамыз.
Өмірдің қиындықтары көп. Соған шыдай білу керек. Үміттен қол үзбей, армандай білу қажет.
Posted by: kz10 on: Қазан 2, 2010
Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!